Бізбен бірге мұқтаж жанұяларға төмендегідей көмек түрлерін көрсете аласыз:
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тізімі жергілікті аудан, ауыл әкімшіліктерінен немесе жанұялардың өтініштері арқылы дайындалады. Содан кейін аталмыш тізімнің дұрыстығына көз жеткізу үшін оларға сауалнама жүргізіледі.
Сауалнама жанұялардың тұрмыстық жағдайы мен керекті заттарды анықтау үшін жүргізіледі. Сауалнама жағдайы төмен отбасыларды анықтау үшін қажет.
Қорымыздың бірнеше көмек көрсету жобасы бар. Толығырақ «Жобалар» тарауында біле аласыз. Осы жобалар арқылы қор жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты аналарға, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға және жетім балаларға көмектеседі.
Қазіргі уақытта біз Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша көмек көрсетеміз.
Қорымызға бірнеше тәсілмен қайырымдылық жасай аласыз. Толығырақ басты беттен біле аласыз.
Ерікті – мұқтаж адамдарға өз еркімен көмектескісі келген адам. Ерікті жеке көлігімен, уақытымен және күшімен көмектесе алады. Еріктілер өз еркімен көмек көрсетуге келгендіктен, оларға еш қандай айлық төленбейді.
Егер сіз төлем кезінде қателесіп, бізге басқа сома жіберіп қойсаңыз, уайымдамаңыз. Сіз әр уақытта қаражатыңызды банк-жіберушімен хабарласу арқылы қайтара аласыз. Банк сіздің өтінішіңіз бойынша сізбен жолығады. Содан кейін, ақшаңыз сізге кері қайтарылады.