Ақпанда жиналды: 5 625 720 тг
Биыл жиналды: 9 311 845 тг

«Береке» жобасы Астана қаласында

 {module Береке Астана 10.04.2015}

   2015 жылдың 11-12 сәуірі, «Береке» жобасы аясында біздің еріктілеріміз жағдайы нашар отбасыларға мерекелік көңіл мен азық-түлік сыйлады. Азық-түлік себетінің құрамы: ұн, макарон, күріш, қарақұмық, асбұршақ, күнбағыс майы, шай, қант, қызанақ пастасы, қайнатпа және халуа. Бұл жоба аясында Астана қаласы бойынша 120 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. «Береке» жобасы мамыр айында Астана қаласы және Ақмола облысының  Ақкөл, Аршалы, Шортанды аудандарында жалғасады.

Осы науқанға ат салысқан еріктілерге алғысымызды білдіреміз!