{module Азамат ДЦП}
Бала атаулының бәріне ұнайтын ең сүйікті мейрамдары-Балаларды қорғау күні жақындап келеді. Бұл мейрамды балалар саябақтарда және басқа да мәдени орындарда көңілді етіп өткізеді. Биылғы жылы солардың қатарына Акимжан Азамат та қосылмақ. Осыдан 6 жыл бұрын ол ДЦП диагнозымен туылды, ата-аналары баланы Қытайға алтын ине процедурасына алып барып емдетті және массажға үнемі апарып отырды. Бірақ, үнемі қымбат процедураларды алуға олардың мүмкіндіктері болмады. 2014 жылдың қараша айында олар «Шұғыла» қоғамдық қоры арқылы бірқалыпты (аптасына 3 реттен) массаж алуға мүмкіндік алды.
Жарты жыл бұрын Азамат тек бір затқа сүйене отырып тұра алатын, бүгінде өздігінен бірнеше қадам жасап, машина есігін ашып, отыра алатын болды. Кейбір қарапайым физикалық қимыл-қозғалыстарды істей алатын болды. Қаншама күшті ауырсынулар мен жанайқайдан соң кинезатерапевт маманының көмегімен бар денесінің сіңірлерінің жұмысын дамытып, буындары мен қол жұмысын қайта қалпына келуіне ықпал етті. Азаматта тек физикалық тұрғыдан ғана емес, сөйлеу моторикасында да жетістіктер байқалады: цифрларды және басқа да сөздерді айта алатын болды. Түзету кабинетінде әлі қанша уақыт емдік шараларын алатыны белгісіз, бірақ, ең бастысы баланың өмірге деген талпынысы жоғары, жан дүниесі мықты.
Азамат бар адамға күле қарап, емдік-шараларын жасап отырған маманға ерекше сүйіспеншілікпен, сыйластықпен қарайды.
Қазіргі таңда бала үшін жұмысында жетістікке жетуге тырысатын маман мен ата-анасының қолдауы маңызды. Дегенмен де, ДЦП диагнозындағы балаларға ең басты қолдау-емдік-шараларын алуға, өмірде қуануға мүмкіндік жасау болып табылады.
Көптеген жанұяларға бақыт сыйлауға біздің шамамыз жетеді!