{module посадка деревьев Алматы2015}
Дүниеге келген әрбір адамның алдында үш мақсаты болады: үй салу, ұрпақ жалғастыру және ағаш егу. Медеу аудандық әкім аппараты, «Жасыл ел» бірлестігі және «Шұғыла» қоғамдық қоры осы қағиданы ұстана отырып, ізгі іс-шараның өтуіне ықпал етті.
Алатау мөлтек ауданының ашық алаңқайы қоқысқа толы болған, бірақ жақын күндері бұл жерде жақсы саябақ, футбол ойнайтын алаң тұрғындарға қызмет ететін болады. Және бұған алғашқы қадам жасалды да.
2015 жылдың 12 сәуірі күні сағат 10:00 де осы саябақтың құрылуына, гүлденуіне үлес қосуға ниет білдірген адамдар легі үлкен топ болып жиналды.
Осындай іс-шараның өтуіне жиналған топтың басым көпшілігі балалар болды, ал ата-аналары оларға тек көмектесті. Балалар көп тұрмай, қолдарына шелек, күрек алып, іске кірісті. Келген әрбір отбасы шаршағандықтарына, киімдерінің ластанғанына қарамастан отырғызған ағаштарына су құйды.
Күннің өте ыстық болғанына қарамай, жиналған топ белсенді жұмыс жасады, ал жаңадан отырғызылған көшеттерге қарасаң көз тоймайды.
Көшеттер отырғызылып жатты, бірақ үсті-үстіне қосылып жатты. Кешке дейін жасалуға жоспарланған жұмыс, түс кезінде толық аяқталды. Осындай іс-шараға әсіресе жас отбасылардың қатысқаны бізді қуантты. Бұл өзі өсіп келе жатқан балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен еңбеккке деген қабілетін арттырады.
Өткізілген іс-шара туралы қатысушылардың өздері не дейді екен?
«Достарымызбен келдік. Өз ауламызда көшеттерді отырғызып бітірдік, бірақ қоғам үшін осындай іс-шара жасаудан бас тарта алмадық. Ағаш ауаны тазартады, айналаға көрік береді».
«Менің жолдасым бұл қорда бұрыннан ерікті болып жұмыс жасайды, ал біз балаларымызбен бірінші рет қатысып отырмыз. Ақшаны босқа шашқанша, қаланы көріктендіруде бұл шараның маңызы зор».
«Facebook парақшасынан осы жоба туралы танысып, қатысуға шешім қабылдадым. Өзіммен бірге отбасымды ала келдім және ол үшін өкінгенім жоқ, балаларды көшет отырғызу қызықтырды. Осындай отбасылық іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса…»
«Осындай акцияның бар екенін естіп, қатысуға достарымды да балаларымен бірге шақырдым. Мұндай іс-шараға қатысу өте пайдалы, бірақ бүгінгі күні осындай акциялар жиі өткізілмейді. Ал көгалдандыру жақын маңдағы үйлер үшін өте пайдалы болмақ».
«Бізді сырттан бақылап отырған әжей жасалып жатқан іс-шараға қуана қарап, өзінің де бала кезінде Наурыз мерекесінде ағаш отырғызғанын есіне алып, күлімсіреп, енді сол дәстүрді балалары мен немерелерінің жалғастырып жатқандығына тәнті болды.
Қор түсте шаршап, қарындары ашқан қатысушыларды дәмді палаумен тамақтандырды. Сәл үзілістен кейін жұмыс толық аяқталды. Осының бәрін бақылап отырған тұрғындарда «Отырғызылған бұл көшеттерді енді кім күтеді?» деген сұрақ туындады. Бұл туралы уайымдамай-ақ қойсаңыздар да болады, отырғызылған 200 түп ағаш көшеті бар саябақтың әрі қарай дамуын аудандық әкімшілік өз құзырына алады.
Жақын арада бұл саябақ гүлденеді, ал осыған қаржылай жағынан көмектескен әрбір кісі өзінің қосқан үлесі үшін мақтанатын болады.
Біз де өз тарапымыздан осындай ізгі шараның өткеніне, қатысушылар мен жобаның демеушілеріне алғысымызды білдіреміз!