Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған қайырымдылық шара өткізілді

 {module Проведена благотворительная акция к 20-летию независимости Республики Казахстан}

2011 жылдың 10-11 желтоқсанында «Шұғыла» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылған қайырымдылық шара өткізді. Бұл шара аясында Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарының жағдайы төмен отбасыларына көмір таратылды. Көмір тарату шарасы Еңбекшіқазақ ауданының 12 елді мекенін және Қарасай ауданының 16 елді мекенін қамтыды.

«Шұғыла» қоғамдық қоры барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығымен құттықтайды! Еліміз өркендей берсін, отандастарымыз аман-есен, бақытты болсын!