Суық кезде жылы үй – кейбір жанұяларға арман. Өмір оларды қиын жағдайға алып келді. Мысалы, Скаков жанұясының отағасы 2 дәрежелі мүгедек болып табылады. Үйде жолдасы және 6 баласымен бірге тұрады. Бірақ, олардың үйлерін үй деп те айту қиын, себебі ол бұрынғы монша болып табылады. Бұл жерді жергілікті әкімдік осы жанұяға кезінде тегін берген.
Сол сияқты Симкова Ольга деген кісіге де оңай емес. 52 жасындағы ол анда-санда көше сыпырушы болып жұмыс жасайды. Онымен бірге көлік жүргізуші болып жасап тұрытын өзінің баласы тұрады. Келіні және 3 немересі де бар (7, 6, 3 жасар). Материалдық жағдайларының қиын болуларына байланысты балаларды мектепке 1-ші тоқсанға тапсыра алмаған. 2-ші тоқсанға ғана жібере алған.
Келесі мекен, Асланенько Татьянаның үйі аянышты жағдайда. Ол үйдің ауласы тал-бұтаққа толы. Үйінің қабырғалары ақталмаған, бірең-сараң жиһаздаң басқа түк ештеңе жоқ. Татьянаның өзі әрең қимылдауда. Екі баласының біреуі түрмеде, екіншісі жұмыссыз, анда-санда анасына жолығып тұрады.
Осы жанұялар және Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандырының 26 ауылындағы басқа да жанұялар 22 қараша күні біздің қордан әрқайсысы 3 тоннадан көмір қабыл алды. Осы үшін алғыстары шексіз еді. Енді, сіздердің жіберген қайырымдылықтарыңыздың арқасында және ерікті қызметкерлердің арқасында 71 жанұя осы қысты жылы үйде өткізе алады.
Жылумен бөліскен әр кісіге алғысымызды айтамыз.
Фото: