{module Началась раздача одежды в рамках проекта «Семья помогает семье»}
«Шұғыла» қоғамдық қоры Алматы қаласының Алатау ауданының әкімі аппаратымен және №26 мектеп басшылығымен бірлесе отырып жағдайы нашар отбасыларға киім тарату қайырымдылық науқанын бастады. Кезекті акция екінші рет өткізілгелі жатыр. Бірінші акция 2012 жылдың желтоқсан айында Түрксіб ауданындағы №76 мектебінде өткізілген болатын.
Киім жеке көмек көрсетушілерден жиналып, реттеу және тазалаудан кейін әлеуметтік дүкенімізде мұқтаждарға таратылады. Таратудың бірінші күнінде дүкенімізге 96 отбасы келіп үлгерді.
Киімдермен көмектескендерге және жобаны жүзеге асыруда қайтарымсыз атсалысып жүрген еріктілерге алғысымызды білдіреміз!