{module раздача одежды 23.11.2014 Астана}
Осы жылдың 22 – 23 қараша аралығында «Шұғыла» қоғамдық қоры Астана қаласында жағдайы нашар отбасыларға киім тарату қайырымдылық науқанын өткізді. Кезекті акция осы жылы екінші рет өткізілді. Бірінші акция осы жылдың мамыр айында Алматы ауданындағы әлеуметтік көмек бөлімінде өткізілген болатын.
Киім жеке көмек көрсетушілерден жиналып, реттеу және тазалаудан кейін әлеуметтік дүкенімізде мұқтаждарға таратылады. Таратудың бірінші аптасында дүкенімізге 78 отбасы келіп үлгерді.
Киімдермен көмектескендерге және жобаны жүзеге асыруда қайтарымсыз атсалысып жүрген еріктілерге алғысымызды білдіреміз!