{module В Астане прошла акция по раздаче одежды}
2013 жылдың 3-17 шілде аралығында Астана қаласында «Жанұя жанұяға көмектеседі» жобасы аясында киім тарату шарасы өткізілді. Барлығы 308 жанұя тегін киіммен қамтамасыз етілді.
Бұндай шара Астана қаласында алғашқы рет өткізіліп отыр. Астана қаласы Алматы аудандық әкімшілігінің жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген бөлмесінде тегін киім-кешек таратылатын әлеуметтік дүкен ұйымдастырылды. Осы жерге шақырылған отбасылар өздеріне киім таңдап алды. Өзіне ұнаған киімін алған әрбір адамның қуанышы мен алғысы күлімдеген көздерінен-ақ білініп тұрды. Келген отбасылар өз алғыстарын айтып жатты.
Осы шараны ұйымдастыруға арнайы бөлме бергені үшін Астана қаласының Алматы аудандық әкімшілігі жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне алғысымызды айтамыз. Ал осы шараны ұйымдастыруға белсенді ат салысқан, күні бойы дүкенде болып, заттарды орналастыруға және отбасыларға киім таңдауға көмектескен еріктілерге ерекше алғысымызды білдіреміз.