Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Алатау ауданында киім тарату акциясы өз мәресіне жетті

 {module Завершилась раздача одежды в Алатауском районе}

Бір апта бұрын басталған Алатау ауданының жағдайы нашар отбасыларына тегін киім тарату қайырымдылық акциясы аяқталды. «Жанұя жанұяға көмектеседі» жобасы аясында өткізілген бұл акция барысында әлеуметтік дүкенде тек қана киім емес, осыған қоса ойыншықтар, тұрмыстық техника, балаларға арналған заттар өз иелерін тапты. Аталмыш ауданда бірінші рет өткізілген акцияға бірінші күнінен-ақ 96 отбасы келіп, 5 күн ішінде 220 отбасы дүкенімізде киініп үлгерді – киім тез таралып жатты. Дүкен қонақтары өте риза болды, кейбіреулері акцияның жалғасы болады ма деген сияқты сұрақтар қойып жатты. Акция керекті мөлшерде киім жиналғаннан кейін қайта басталатынын және осыған орай жұртшылықтан киім, тұрмыстық техника қабылдау одан әрі жалғасатынын жариялаймыз. Заттарды алдын-ала хабарласып кеңсемізге алып келсеңіз болады.

Киім таратуға жәрдемдескен барлық еріктілерге үлкен алғысымызды білдіреміз!