Кеше, 14 желтоқсан күні «Ең керемет күн» жобасы аясында Алматы қаласында балаларға арналған шара болып өтті.
Шара барысында Ыбырай Алтынсарин атындағы Қырбалтабай ауылының мектеп-интернатының әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 50 оқушысы «Мега Парк» ойын-сауық кешенінде қызықты уақыт өткізді. Ең алдымен олар «Chaplin Cinemas» кинотеатрында «Моана» мультфильмін тамашалады. Мультфильмнен кейін балалар «Costa Coffee» кафесінде тәтті тағамдармен шай ішті. Одан басқа, балалар «Happylon» кешенінді әр түрлі ойындар ойнап, «Hardee’s» кафесінде тамақтанды. Шараның соңында балалардың әрқайсысына сыйлықтар табысталды: квадрокоптер, футбол доптары және жаңа жылдық сыйлықтар.
«Шұғыла» қоғамдық қоры шараға үлес қосқан демеушілерге, әсіресе «Chaplin Cinemas», «Costa Coffee», «Happylon», «Hardee’s компанияларға және еріктілерге алғысын айтады.