{module Организация диагностического осмотра детей с ограниченными возможностями в диагностическом центре MG}
«Шұғыла» қоғамдық қоры MGM-STAN диагностикалық орталығымен бірлесе отырып МРТ (магнитті-резонансты томография) және КТ (компьютерлік томография) аппараттарынан Алматы қаласының Медеу ауданының мүмкіндіктері шектеулі балаларын тексеруден өткізді. Балалар тізімі Алматы қаласының жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшесінен алынды.
«Шұғыла» қоғамдық қоры мен MGM-STAN диагностикалық орталығының арасындағы келісімшарттқа сәйкес осындай тексерулер ай сайын ұйымдастырылып отырады. Диагностиканың қорытындылары балаларды емдейтін дәрігерлерге беріледі. Балалардың тез арада жазылып кетуіне тілектеспіз!