24 маусым күні азық-түлік тарату шарасы болып өтті. Бұл жолы Талғар және Медеу аудандарының отбасылары қамтылды. Отбасылардың арасында Дәркенбаева Қарлыға, 3 баланы жалғыз өзі асырауда. Тұрмыс жағдайы қиын болғаны үшін балаларын ауылда қалдырып, өзі қалаға келіп жұмыс жасап жатыр. Жергілікті шипажайда жиыстырушы әйел болып жұмыс жасайды.
Тағы да бір отбасы – Атымбаева Динараның әулеті. Динара 4 баланы асырап жатыр. 3 қызы балабақшаға барады, ұлы мектепте 3 сынып оқиды. Жолдасы қайтыс болған. Бір бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрады. Театрда бухгалтер болып қызмет етеді.
Қор жыл сайын осы отбасылар сияқты мыңнан астам отбасыға көмек көрсетеді. «Береке» жобасына демеуші және ерікті болған барша жанға алғысымызды білдіреміз.