{module День пожилых 2014}
«Шұғыла» қоғамдық қоры жағдайы нашар отбасылармен қатар егде жастағы мүгедек жандарға да айтарлықтай көңіл бөліп келеді. Көптеген жасы ұлғайған жандар бүгінгі күні қажетті аялау мен күтімге зәру болып отырғаны жасырын емес. Әлемде 1 Қазанда атап өтілетін Халықаралық қарттар күні қарсаңында Қор өкілдері азық-түлік тарату арқылы қарттарға қосымша көмек жасау керектігіне ұйғарым жасады. Осы акция аясында Алматы облысында арасында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері де бар 80 қартқа көмек көрсетіледі.