Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орайластырылған қайырымдылық акциясы

 {module Благотворительная акция к Дню Первого Президента Республики Казахстан}

«Жанұя жанұяға көмектеседі» жобасы аясында «Шұғыла» Қоғамдық қоры Алматы қаласының Түрксіб ауданының әкімі аппаратымен бірлесе отырып жағдайы төмен отбасыларға және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға киім тарату қайырымдылық акциясын өткізіп жатыр. Акция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орайластырылған. Арнайы бұл үшін №76 мектепте әлеуметтік дүкен жабдықталды.
Осындай ізгі істің мақсаты – қыс кезінде жылы киіммен көмектесу болып табылады. Киім ассортиментіне мыналар кіреді: пальто, курткалар, ерлер костюмдері, пиджактар, көйлектер, шалбарлар, үй халаттары, әйел көйлектері, юбкалар, қысқы және жазғы аяқкиім, балалар киімдері және аяқкиімдері, ішкиім (жаңа), спорттық киімдер, джинстер. Әлеуметтік дүкеннің кішкентай қонақтарына ойыншықтар және кәмпиттер таратылып жатыр.

Акцияны ұйымдастыруға көмектескендерге өз алғысымызды білдіреміз, әсіресе: жағдайы төмен адамдарға киім бағыштаған отбасыларға, Түрксіб ауданының әкімі Устюгов Владимир Николаевич мырзаға, №76 мектебінің директоры Мусогулова Салтанат Булгановна ханымға және қор еріктілеріне.