2012 жылдан бастап жастар клубы өз жұмысын бастады. Бұл клубтың ашылу мақсаты жастарда әлеуметтік жауапкершілік қасиетін дамыту болып табылады. Клубтың қызметі тек сауалнама жүргізу және қайырымдылық шаралар өткізумен шектелмей, әлеуметтік жобалар әзірлеу, ақпараттық, ағартушылық және ғылыми-танымдық шаралар (лекциялар, жастар үйірмелерін ұйымдастыру, семинарлар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, арнайы тақырыптарға кездесулер) ұйымдастыруды да қамтиды.