«Шұғыла» қоғамдық қоры Жаңаөзенде болған оқиғалар кезінде қаза болғандардың отбасыларына көңіл айта отырып, маңғыстаулықтарды аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға және елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға шақырады. Бұл оқиғалардың бәріміз үшін маңызды болып табылатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы мерекесі кезінде орын алғаны өте өкінішті-ақ. Ұйымымыз осы оқиғалардың ұйымдастырушылары мен қатысушыларының әрекеттерін айыптап, бұл мәселе бейбіт шешімін табады деп үміттенеді.