Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Қажет емес заттарыңа UberGIVING арқылы екінші өмір сыйла!

Kazakhstan UberGIVING blog 960x480 r1

«Шұғыла» қоры және «Uber» компаниясының мұқтаж отбасыларға арналған киім жинау науқаны.

Осы сенбі күні, 10 желтоқсанда, кез келген Uber қолданушысы мұқтаж отбасыларға Uber машинасы арқылы киім-кешек жібере алады. Қызмет тегін көрсетіледі.

UberGIVING науқанына қалай қатыса аласыз:

✓Қайырымдылыққа беретін киім-кешектерді дайындаңыз.
✓Uber қосымшасын (приложение) 10 желтоқсанда сенбі күні 12.00 – 20.00 аралығында ашыңыз (бұл қосымшамен әлі қолданбаған болсаңыз, App Store, Play Market немесе Windows Store-дан жүктеп алыңыз).
✓UberGIVING опциясын таңдаңыз, қажетті мекенжайға машинаға тапсырыс беріңіз.
✓Бірнеше минут ішінде сізге машина келеді. Заттарды көшеге шығарып, жүргізушіге тапсырыңыз.

UberGIVING қайырымдылық науқанға қатысудың шарттары:

✓ Науқан Алматы және Астана қалаларында, сенбі күні, 10 желтоқсанда 12.00 – 20.00 аралығында өтеді.
✓ Науқан арқылы тек киім жіберуге болады (UberGIVING опциясы арқылы ешқайда өзіңіз бара алмайсыз).
✓ UberGIVING тапсырыс бергенге дейін, заттарды бөлек сөмкеге немесе пакетке салып қою керек. Киімдер таза және киуге жарамды болуы тиіс. Бұл заттар мұқтаж отбасыларға тапсырылады.
✓ UberGIVING науқаны арқылы тек киім-кешек беріп жіберуге болады.
✓ Жүргізушілер тапсырыс берген мекенжайға келеді. Олар көліктерін көшеде қалдыра алмайды, сондықтан, киім-кешектерді машинаға дейін апаруыңызды сұраймыз.
✓ Астана и Алмата қаласында науқанға қатысу тегін.

Толығырақ, Uber сайтында:
https://newsroom.uber.com/kazakhstan/ubergiving/

#shugylakz #UberGIVINGAlmaty #UberGIVINGAstana #UberGIVING