Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Қиындығын бірге көтерісеміз!

 

{module Не оставим в беде}

   Жақында ғана Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жүріп бірқатар ауылдарды алып кеткені мәлім. Су тасқыны жайлы хабарды ести сала «Шұғыла» қоғамдық қоры әлеуметтік көмек жинау қамына кірісті. Шұғыл түрде қордан жолға шыққан топ бүкіл қазақстандықтар көмек беріп жатқан аймаққа тез жетті. Зубовск ауданы әкімі Ирина Лыкова мен Чапаев ауылдық округының әкімі Ғабдрашит Ғабдиев барлық көмек берушілерге алғыс білдіріп, әсіресе «Шұғыла» қорына жақсы ұйымдасқаны әрі қиналған әр жанұяға жеке-жеке барып көмек жасағаны үшін рахметін айтты. Бір күннің ішінде 16 мамыр күні қор азық-түлік, жылы көрпеше, сүйретпе салынған әлеуметтік көмекті Зубовск, Малеевск, Путинцево, Богатырево, Парыгино және Снегирево ауылдарына қарасты 270 отбасыға таратты.

   Қордың жұмысына атсалысып, әлеуметтік көмек жасасқан баршаға алғысымызды білдіреміз! Ал қиындық көрген Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарына тезірек тұрмыстарын оңалтып, ел қатарына қосылып кетуді тілейміз!