Достар! Жағдайы төмен отбасыларға көмектесу жобасы аясында аудандық және аймақтық әкімшіліктердің қолдауымен волонтерларымыз Еңбекшіқазақ ауданында сауалнама жүргізді. Бұл сауалнама төмендегі аймақтардың 300 жағдайы төмен отбасыларын қамтыды, олар: Масақ ауылды аймағы, Шелек ауылды аймағы, Евгенемаловодное аймағы, Қазақстан аймағы, Тескенсу аймағы, Түрген аймағы, Бәйтерек аймағы, Рахат аймағы және Есік қаласы. Тұрғындардың нақты қажеттіліктері анықталды. Жобаның жүзеге асырылуы маусым айының соңына жоспарланған, яғни осы ай бойы біз аталған отбасыларды сауалнамада көрсетілген қажетті азық-түлік, киім және тұрмыстық заттармен қамтамасыз етеміз .