Осы жылдың 14 мамыр – 10 шілде аралығында Еңбекшіқазақ ауданында жағдайы төмен отбасылардың мекен-жайларына материалдық көмек жеткізу қайырымдылық жобасы жүзеге асырылды. Жобаның алғашқы кезеңінде аймақтық әкімшіліктерден алынған тізімге сәйкес волонтерларымыз жағдайы төмен отбасылардың қажеттіліктерін анықтау үшін осы отбасылардың мекен-жайларына барып, сауалнама толтырды. Келесі кезеңде осы отбасылардың мекен-жайларына қайырымдылық көмек жеткізілді. Қазіргі таңда осы іс-шарамыздың нәтижесінде азық-түлік және тұрмыстық заттармен 212 отбасы қамтамасыз етілді.