2013 жылдың 5 тамыз күні Астана қаласында қайырымдылық кеш өтеді. Бұл кештің мақсаты алты жасар Жұмағұлов Нұрасылдың ем және сауықтыру шараларына қаражат жинау болып табылады.
Нұрасыл тумысынан церебральді сал ауруы, спастикалық тетрапарезбен ауырады. Бала сөйлей алмайды, жүрмейді, анасы немесе апасы күні бойы көтеріп жүреді. Тек бөтелке арқылы сұйық ботқалар ғана жейді. Нұрасыл жатақхананың 5х3 бөлмесінде тұрады. Анасы Астана қаласының сауда орталықтарының бірінде еден жуушы болып жұмыс істейді, ал апасы күні бойы балаға қараумен болады.
Бұл отбасының материалдық жағдайының нашарлығы соншалық тұрып жатқан бөлмелерінде төсеніш те болмаған, осылайша қысты өткізген. Біз кілем мен киім бердік. Қазіргі кезде Нұрасылға ем қабылдау керек.
Қайырымдылық кеш Хазрет Сұлтан мешітінің мейрамханасында өтеді. Қайырымдылық жәрдем «Мейірім конверттері» арқылы жиналады. Осы кеште конверттер ашылып, жиналған жәрдем қорытындылары жарияланады.