{module Алматы сел 2015-08-01}
Өздеріңізге белгілі, шілденің 22-нен 23-іне қараған түні Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел жүру нәтижесінде лай ағыны өтті. Аса қатты зардап шеккен Қарағайлы ауданының Кәрібай ақын, Домалақ ана, Жантөрин, Райымбек, Кулиман және Тажиев көшелерін қалпына келтіру үшін қор 4 камаз, 1 трактор жалдады. Сонымен қатар 11:00-18:00 аралығындағы уақытта зардап шеккен тұрғындарға 30-дан астам еріктілер көмек көрсетті. Ауыр жұмыс істеген, жұмыс күшімен және арнайы техниканы жалдауға қаржылай көмек көрсеткен еріктілерге алғысымызды білдіреміз! Сондай-ақ, «Халал Палау» дәмханасына тамақ түріндегі көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін рахмет.
Жасалған еңбекке қарамастан жағдай әлі де қиын. Тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Сіздерді зардап шеккен жандарға көмектесуге шақырамыз. Отандастарыңыздың қайғысына бей жай қарамаңыз!