Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының жағдайы нашар отбасыларын сауалнамадан өткізу аяқталды

 

Қорымыздың еріктілері әкімшіліктердің мамандарымен бірлесе отырып маусым айында 58 елді мекендегі жағдайы нашар отбасыларды сауалнамадан өткізгені туралы хабарлаймыз. Отбасылардың тізімі аудандық әкімшіліктермен ұсынылды. Адресті сауалнаманың басты мақсаты отбасының обьективті материалдық жағдайы мен қажеттіліктерін зерттеу. Сауалнаманың нәтижесінде кедейлік жағдайда өмір сүретін және азық-түлікке өте мұқтаж 472 отбасы белгілі болды. Аталған отбасыларға «Береке» жобасы аясында азық-түлікпен көмек жоспарланып отыр. Осыған байланысты, осы жылдың 1 шілде күні қорымыз аталмыш жобаны іске асыруға қаражат жинау науқанын бастайды.

Сауалнамаға қатысқан барлық еріктілерге үлкен алғысымызды білдіреміз!