2015 жылдың 7 шілдесінде қорымыз Астанада Гүлжазира Нұрсұлтанқызына емделуіне қажет қаражат жинау үшін ұйымдастырылған қайырымдылық кешін өткізді. Гүлжазира спастикалық диплегиямен ауырады, өкінішке орай, отбасының оны емдеуге қаражаты жоқ. Гүлжазираның ата-анасының тапқан айлықтары тек қана күнделікті шығындарға жаратуға жеткілікті, ал баласының еміне қаражат қалмауда.
Бұл шара «Мұмтаз» мейрамханасында өтті. Мейрамхананың залы жанашырлық танытып келген қонақтарға толы болды. Отандастарымыздың белсенділігіне ризалығымызды білдіріп, алдағы уақытта басқа да жобаларымызда қолдауларын көреміз деп үміттенеміз. Қайырымдылық кешке барлығы 570 адам қатысты. Бұл кеште конверт арқылы жәрдем жинау тәжірибесін жалғастыруды жөн көрдік. Нәтижеде 1 156 195 теңге жиналды. Енді біз баланың емі мен сауықтыру шараларын ұйымдастырамыз, бұл туралы сайтымыздың жаңалықтарынан біліп тұрасыз.
Әзірет Сұлтан мешіті мен «Мұмтаз» мейрамханасының әкімшілігіне ерекше алғысымызды білдіреміз.