22 Наурыз күні Апорт моллы автотұрағында «Игілік мекені» атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өткенін хабарлаймыз. Жәрмеңкеде тағамдардың жиырмадан аса түрлері, өзбек палауы және, әрине, наурыз-көже болды. Барлық тағамдар шын жүректен еріктілер тарапынан жасалып, ұйымдастырушыларға тегін тапсырылды. Жиналған қаражат қайырымдылыққа бағышталады.
Апорт моллының автотұрағында бұл күні адамдар нағыз мерекелік көңіл күйде болды және жаңбырлы ауа райына қарамастан қайырымдылық акцияға көп халық жиналды. Осы жиналған адамдардың арқасында іс шара сәтті өтіп, ізгі істерді істеуде еш қиындық жоқ екендігіне және әрбір адам күнін мағыналы өткізе алатынына дәлел болды.