{module «Жанұя жанұяға көмектеседі» Астана. 24.05.14}
Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар, көп балалы отбасылар, жалғыз басты ата-аналар, және әр-түрлі топтағы мүгедектер, жалпы 7 күн ішінде 338 отбасы «дүкеніміздің» қонақтары болды.
Осы шараны ұйымдастыруға арнайы бөлме бергені үшін Астана қаласының Алматы ауданының әкімшілігіне алғысымызды айтамыз. Ал осы шара аясында белсенді ат салысқан, күні бойы дүкенде болып, заттарды орналастыруға және отбасыларға киім таңдауға көмектескен еріктілерге ерекше алғысымызды білдіреміз.
Акция керекті мөлшерде киім жиналғаннан кейін қайта басталатынын және осыған орай жұртшылықтан киім, тұрмыстық техника қабылдау одан әрі жалғасатынын жариялаймыз.