{module Семья помогает семье в Алматинской области}
«Жанұя жанұяға көмектеседі» қайырымдылық акциясы аясында Алматы облысының Қызылжар, Көктөбе, Түрген, Төле би, Алмалы ауылдары мен Есік қаласында тұратын 132 отбасы «Шұғыла» қорының әлеуметтік дүкенінен қажетті киім-кешек, аяқ-киім және әртүрлі үй заттарын алуға мүмкіндік тапты. Қор мен жергілікті әкімшіліктің қолдауымен заттарды таратумен айналысатын арнайы пункт ашылған болатын және ол 2015 жылғы 15-17 сәуір аралығында жұмыс жасады. Акцияның бірінші күні кедей отбасылар, көп балалы және асыраушысынан айрылған отбасылар шақырылды. Олар кез-келген тауардан 10 килограмға дейін зат алып кете алатындай болды. Заттар үлкен ықыласпен таратылды, өйткені олардың арасында «US Polo» және «Cacharel» компанияларының жаңа заттары болған еді. Ойыншықтар бөлімінен өздеріне ұнаған кез-келген ойыншықтарды алуға мүмкіндік туған балалар да қуаныштарын жасырған жоқ. Ересек жастағы балалар кітаптарға қызығушылық білдірді. Акцияның соңғы күні әлеуметтік дүкенге барлық адамдар шақырылды. Үш күнде таратылған заттардың жалпы салмағы 1300 килограмға жетті.
Бұндай қайырымдылық акция мұқтаж азаматтар арасында жағымды пікірлер тудырды. Осыған орай, «Шұғыла» қоры тұрғындарды қажет емес заттарын тастамауға шақырады және егер олар жақсы сапада болса, қайырымдылық мекемеге тапсырып, мұқтаж кісілерге беруді ескертеді.