2012 жылдың басынан «Киім дүкені» атты жаңа жоба өз жұмысын бастады. Бұл жоба жағдайы нашар отбасыларға тегін киім таратуға бағытталады. Дүкендегі тауарлар -қорымызға қайырымдылық көмек ретінде түскен заттар. Дүкеннің қызметі коммерциялық мақсатты көздемейді және қайырымдылыққа бағытталған. Дүкеннен тегін киім алуға шақырылатын жағдайы нашар отбасылардың тізімі қалалық және аудандық әкімшілік тарапынан ұсынылған.