{module Продолжается раздача одежды в социальном магазине}
Түрксіб ауданының № 76 мектебінде ұйымдастырылған әлеуметтік дүкен өз жұмысын жалғастыруда. Акция басталғалы, әр күн сайын жағдайы төмен 20 отбасы және мүмкіндіктері шектеулі адамдар келіп өзіне керекті киім-кешектерін тегін алып кетіп жатыр. Қарашаның 30 мен желтоқсанның 8 аралығында Алматы қаласының Түрксіб ауданының әкімі аппаратында тіркеуде тұрған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың және жағдайы төмен отбасылардың 140-ы келіп үлгерді. Жәрдемдескісі келген адамдар әлеуметтік дүкенге киім (таза және жарамды күйде) алып келсе болады.
Келушілердің арасында ұйымдастырушыларға және еріктілерге өз ризашылықтарын білдіріп кететіндер де аз емес. Адамдардың жүзіндегі күлкі мен қуаныш біз үшін «рахмет» сөзінен әлдеқайда маңызды. Жұмысымыз қызу түрде жалғасуда.