Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

АНОНС! Киім тарату шарасы

 

                                   

     Құрметті достар! 1-12 қараша аралығында, Алматы қ. «Жанұя жанұяға көмектеседі» атты жоба аясында киім тарату шарасы өткізіледі. Әлеуметтік дүкеніміз Түрксіб ауданының №76 мектебінде ашылады. Киім жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналар мен мүгедектерге таратылады.

Бұл жобаның іске асуына қажеттіліктер:

– Бөлшектеу, тасымалдау, киім тарату үшін ЕРІКТІЛЕР керек
– Қысқы жылы киімдер
– Қысқы аяқ-киімдер
– Электр жылытқыштар
– Ойыншықтар
– Киімдерді дүкенге тасымалдау үшін көлік қажет

Өз көмегіңізді «Шұғыла» қорына, Брусиловский к-сі 163 үй, 15 кеңсеге алып келе аласыз.

Бұл жобаға өз үлесіңізді қосуыңызға шақырамыз….

Ескертпе: Заттар жаңа немесе қолданылған (таза, киюге жарамды) болуы мүмкін