{module Акция «Подари тепло» в Астане 12.11.13}
Осы жылдың 3 қарашасында қорымыздың Астаналық филиалы Ақмола облысы Ақкөл ауданында «Жанұяға жылу сыйла» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Астаналық филиал бұндай шараны алғашқы рет өткізіп отыр. Шара барысында Ақмола облысы Ақкөл ауданының 6 елді мекенінен 46 жағдайы нашар отбасыға барлығы 50 тонна көмір таратылды.
Көмірге қол жеткізген отбасылардың қуаныштарында шек болмады. Өйткені олар қақаған қыста жылыну мүмкіндігіне ие болды, әрі көмектескен адамдардың қамқорлығынан, жылы шырайларынан жан дүниелері де жылынды.
Осы игі әрі тура мағынада салмақты істің жүзеге асуына атсалысқан еріктілерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз.