{module Акция раздачи угля малоимущим семьям к Новому году}
Жаңа жыл мейрамына орай «Шұғыла» Қоғамдық қоры кезекті көмір тарату акциясын өткізді. Акция барысында Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай аудандарының және Алматы қаласының әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмір жеткізілді.
Иә, қала тұрғындарына үйреншікті болған жылу, жағдайы төмен кейбір отбасылардың басты проблемасына айналып отыр. Нарықтық заманның қатал ережелеріне үйренбеген кейбір отандастарымызға қақаған қыс кезінде қара көмірді керекті мөлшерде сатып алу қиынға соғып отыр. Көмір сатып алуға ақшасы жетпей, өз шаңырағын тастап туысқандарының үйін паналап жүруге мәжбүр болып жүрген отбасыларды көріп жаның ашиды. Күтпеген жерден келген көмекке разы болған кейбір апа-әжелеріміз көз жасын жасыра алмады. Қатты суыққа қарамастан еріктілер өздерінің міндеттерін толықтай және ықыласпен орындады деп күмәнсіз айта аламыз.
Осы ізгі іске қатысқан, ұйымдастырылуына септігін тигізген барлық адамдарға, әсіресе, ардақты еріктілерімізге үлкен алғыстарымызды білдіреміз. Жаңа жыл елімізге, халқымызға тек береке, бақыт әкелсін!