«Шұғыла» қоғамдық қорының «Жанұяға жылу сыйла» атты қайырымдылық акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс ауданындағы 107 отбасыға көмекке екі тоннадан көмір таратылды. ЖШС «Қазына-Жер LTD», ЖШС «СМК КазТАК», ЖШС «Арай» және қордың еріктілері қолдаған акция 2015 жылдың 6 желтоқсан күні Арыс қаласында өтті. Жағдайы нашар отбасыларға 2 тонна көмірден бөлек 1 қап картоп та таратылды. Көмек алған отбасылардың қуанышында шек жоқ. Акцияны қолдап, осы отбасыларға көмірмен көмектесуге бей-жай қарамаған кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлеріне және барлық еріктілерге тек алғыс білдіреміз.
Осындай үлгілі істерді көре отырып, Қордың қайырымдылық шараларына кәсіпорынның өзге де салалары қатысады деген үміттеміз.