Осы жылы 21-ші қарашада кезекті “Жанұяға жылу сыйла” науқаны болып өтті. Науқан барысында, жағдайы төмен 68 отбасыға көмек көрсетілді. Соның ішінде Ақмола облысы, Аққөл ауданындағы сегіз елді мекенге 350 тонна көмір жеткізілді. Әр отбасыға 5 тонна көмір жеткізілді. Көмек алған отбасылардың қуанышында шек жоқ. Мына суықта олар тәндерін ғана емес, өздеріне көмек көрсеткен адамдардың мейірімімен жандарын да жылытты.
Қайрымдылық істерге өз еркімен атсалысқан азаматтарға, алғысымыз шексіз.
Фото: