«Жанұяға жылу сыйла» жобасы аясында 18-22 қыркүйек арасында Алматы облысының әлеуметтік жағдайы төмен 189 отбасыға 2-3 тоннадан жалпы 505 тонна көмір таратылды. Көмір Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында да таратылады. Барлығы, 34 вагон көмір таратылады.
Еңбекшіқазақ ауданы:
Рахат, Көктөбе, Бөлек, Есік, Ават округтары;
Талғар ауданы:
Алатау, Белбұлак, Бесағаш, Бесқайнар, Тұздыбастау, Панфилов, Кеңдала, Қайнар, Нұра округтары;
Қарасай ауданы:
Жаңашамалған, Жамбыл, Ұмтыл, Әйтей, Қаскелең, Райымбек, Іргелі, Үшқоңыр, Жандосов, 1 май округтары;
Іле ауданы:
Жапек батыр, Түймебаев ауылдары
«Шұғыла» қоғамдық қоры барлық демеушілерге, әсіресе, басты демеуші ЖШС «Гамма»-ға және атсалысқан еріктілерге алғысын білдіреді.