Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Жыл ішіндегі «Ең керемет күн» Алматы қаласы

 {module лучший день Алматы 12.14.2015}

    2015 жылдың 2-сәуірі көп адамдар үшін қарапайым күн болып саналса, ал біреулер үшін «Ең керемет күн» болып саналады. Kcell, «Next», «Bauberg» және «KFC» компанияларының қатысуымен біз кезекті «Ең керемет күн» атты жоба бойынша іс-шара өткіздік.

   Іс-шараға Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының 7-11 сынып аралығындағы тәрбиеленушілері шақырылды. Тұрмыс жағдайы төмен, толық емес отбасынан шыққандықтарына карамастан, бұл балалар өздерін тату-тәтті етіп көрсетті.

    Kcell компаниясының кеңсесіне біз осы балалармен бірге экскурсияға бардық. Компания мүшелері балаларға компанияның немен айналысатыны және әр маманның қандай қызмет түрлерін атқаратындығы туралы айта келе, келешекте осы салаға мамандануға кеңес берді.

    Экскурсия абоненттік және техникалық бөлімдерде, сондай-ақ конференц залда жүргізілді. Балалар әр елдің басшыларының өзара келісім сөзіне қатыса отырып, бірнеше уақыт аралығында өздерін сол үлкен маңызды кісілердей сезінді. Компания ішін аралатып жүрген менеджер-экскурсоводтың да мақсаты осы болған. Алдыңа мақсат қойып, жақсы оқысаң, осындай үлкен мекемелерде (мысалы, Kcell) жоғары дәрежелі қызмет атқаруға, жоғары жетістіктерге жетуге болатындығын айтты.

    Kcell компаниясының корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі бас маманы Мадина Джусупова компания туралы былай деп мағлұмат берді:

    «Біздің компания «Шұғыла» қорымен өткен жылдан бері бірігіп жұмыс жасап келеді. Бізге сенім артып отыр, өзара бірлесіп жұмыс істеудің біз үшін маңызы зор. Біздің техникалық, абоненттік бөліммен таныса отырып, біздің жұмысымыз еш уақытта бір орында тұрмай, үнемі алға қарай даму үстінде екендігін көруге болады. Сонымен бірге, балалар өмірде кездейсоқ қиыншылықтарға кездесіп қалса, егер олардың алдына қойған белгілі бір мақсаты болса, осы Kcell компаниясына келіп жұмыс жасауына мүмкіндіктері бар.

   Балалар үшін ұйымдастырылған экскурсия «MEGA» орталығында жалғасын тапты. Консультанттың көмегімен балалар әртүрлі гаджеттермен танысты. Әрине, балалар ең бірінші телефонға өздерінің қызығушылықтарны көрсетті, бірақ Oculus көзілдіріктің көмегімен өз мүмкіндіктерін аттракциондарда әуеге самғап ойнады. Олардың сол сәттегі эмоцияларын айтып жеткізу мүмкін емес. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін қызықтаған балаларды ол жерден әкету қиын, дегенмен де тәрбиешілерімен бірге ары қарай «Есентай» ойын-сауық орталығына саяхат жасауға кетті.

    Сол жерде тамақтанып болған соң, біздің тобымыз «NEXT» кинозалында Қазақ хандығының тарихы, құрылуы жайында әңгімелер айтып, иллюстрацияларды қызықтады.

   Танымдық көрсетілімнен соң, балаларды «NEXT» ойын-сауық залында 3 сағат қыдыртты. Караоке залы, ойын автоматтары, компьютерлер толық осы балалардың құзырында болды. Ойнап, өлең айтып, билеп көңіл көтерген балалар «KFC»-дан тамақтанды. Соңында балалар рюкзактарды сыйлыққа алды. Содан кейін бәрі бірге биледі. Балалардың көз жанары қуаныштан, алғыстан жанып тұрды. Сондай жақсы әсерден шаршаған балалар қол бұлғап, көліктеріне отырды.

    Сөз соңында мектеп-интернатында мейірімді балалар тәрбиеленіп жатқандығын және олардың қор мүшелерімен, демеушілерімен бірге «Ең керемет күн» жобасын ойдағыдай өткізгендігін айта кету керек. Көптеген басқа балаларға да осындай мерекелік іс-шаралар жасау Сіз бен біздің қолымызда!