Біздің қорымыз – «Шұғыла» Қазақстандағы KFC брендін жүргізетін «Caspian International restaurant group» компаниясымен бірге балалардың көңілін көтеруді жалғастыруда.
6 ақпанда Алматы облысы, Қарасай ауданының және Алматы қаласының 7-11 сынып аралығындағы 22 оқушысы қорымыздың «Ең керемет күн» шарасына қатысты. Балалар автобусқа мініп, қаладағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі – Aport Mall-ға барды. Олар онда KFC компаниясының дәмі тіл үйіретін тағамдарына әбден тойды.
Осы орайда, «Caspian International restaurant group» (KFC) басшылығына балаларға жасаған базарлықтары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.