{module Дети Кызылорда 07.01.2015}
Жақында, 07 қаңтар күні кезекті мерекелік іс-шарамыз өтті. Қызылорда қаласының «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі» мемлекеттік мекемесінің бүлдіршіндеріне арналған шара «Ең керемет күн» деп аталды. Шара «Мұз Айдыны» атты мұз айдынында коньки тебумен басталды. Ол жерден шыққан соң бәрі «Ботақан» ойындар әлемінде әр түрлі аттракциондарда ойын ойнап, құм бояуларымен сурет салуды үйренді. Сосын «Кинопарк» кинотеатрында мультфильм қарады. Ойыннан әбден шаршап-шалдыққан кезде «Қуаныш» мейрамханасында мерекелік түскі ас ішті. Ол жерде демеушілердің қатысуымен әрі арнайы дайындалған концерттік бағдарлама, әр түрлі ойындар, клоундар мен аниматорлар балалардың көңілін аулады. Қазаңғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің жас әншілері балаларға арнайы концерт ұйымдастырды. Соңында балаларға сыйлықтар берілді.
Жетімді жебеп, балаларға қуаныш сыйлаған шараға қатысқан барлық еріктілер мен демеушілерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!