Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Ең керемет күн Алматыда: Ушинский атындағы мектеп 04.06.2015

{module Лучший день Алматы 2015-06-04}

Алматы қаласындағы «Ең керемет күн» жобасы

Жеке тұлғаның қалыптасуында дұрыс тәрбие үлкен рөл атқарады. Әсіресе, егер балалар ата-анасының мейіріміне бөленбеген болса немесе қиын жағдайда өмір сүріп жатқан болса.

Алматы облысы Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының Ушинский атындағы мектебінің өзіндік игі дәстүрлері бар. Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Мәдина Тойбаева ол мектептің балаларға тек білім ғана емес, қамқорлық та жасайтынын, жағдайы нашар отбасыларға гуманитарлық көмек жасап, ондай отбасылардың балаларын лагерлерге жіберетінін әңгімеледі. Барлық оқушылардың күшімен ұйымдастырылатын қайырымдылық науқан барысында балалар дайындап келген, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын сатып, ортақ табыс жиналды. 2015 жыл 4 маусымда осы қайырымды мектептің балалары «Шұғыла» қайырымдылық қоры және Inditex компаниясы солар үшін ұйымдастырған шараға Алматы қаласына шақырылды. 15 жасқа дейінгі 25 бала көп жаңалықтармен танысуға және көруге дайын болып келді. Inditex компаниясы қонақтарын өз офисінде өте жылы қарсы алды және болашақта осында жұмыс жасаймыз дегендерді қабылдауға уәде берді. Балаларға компанияның ашылуының тарихы туралы ролик көрсетілді және қызметі мен жұмыс бағыты түсіндірілді. Одан басқа, балалар Dostyk Plaza СО-дағы «ZARA» сауда бутигінде қандай жұмыс істеу керек екенін де көрді.

Оқушылар Inditex компаниясындағы жұмыстың әр түрлі дәрежесін және мансап бойынша көтерілу мүмкіндігін өз көзімен көрді. Кездесудің ресми бөлімі аяқталғасын балалар үшін креативтік ойлау, қиялды дамыту, команда құру бойынша ойындар ұйымдастырылды, ал жасы кіші балалар су бұрқағындағы түрлі су ағындарымен ойнады. Осындай шараларға толы күннен аздап шаршаған балалар дәмді түскі ас ішті. Inditex компаниясы оларға бренд киімдер сыйлап, бәрін қуантты.

Балаларды «Cinemax (Dostyk Plaza) Dolby Atmos 3D» кинотеатрындағы кинозал күтуде еді. Олар ол жерге «Болашақ жері» атты фильмін көруге асықты. Осымен Ушинский атындағы мектеп оқушыларының оңтүстік астанада қонақта болуы аяқталды. Түрлі шараларға толы күннен кейін балалар қайтып кетті.

Бұл күн әрбірінің жүрегіне жылылық сыйлады деген үміттеміз. Себебі олар мейірімділік пен қамқорлыққа өте мұқтаж.