{module Благотворительный вечер. Астана 25.07.14}
2014 жылдың 25 шілдесінде қорымыз Астанада Нұрасыл Тубековтың емделуіне қажет қаражат жинау үшін ұйымдастырылған қайырымдылық кешін өткізді. Нұрасыл спастикалық гемиплегиямен ауырады, өкінішке орай, отбасының оны емдеуге қаражаты жоқ. Нұрасылдың анасы екі баласымен және сіңлісімен бірге жатақханада бөлме жалдап тұрады. Отбасының айлық кірісі 41930 тенге көлеміндегі мемлекеттік жәрдемақыдан тұрады. Отбасы бұл айлық кірістің 25000 теңгесін бөлме жалдауға жаратады.
Біз осы балаға көмек көрсету үшін жәрдем жинауды шештік. Біз бұл игі іс қайырымды адамдардың арқасында жүзеге асты деп білеміз, сондықтан осы кешке келіп, көмек көрсетуге атсалысқандарға алғысымызды айтамыз.
Бұл шара «Мұмтаз» мейрамханасында өтті. Мейрамхананың залы жанашырлық танытып келген қонақтарға толы болды. Отандастарымыздың белсенділігіне ризалығымызды білдіріп, алдағы уақытта басқа да жобаларымызда қолдауларын көреміз деп үміттенеміз. Қайырымдылық кешке барлығы 480 адам қатысты. Бұл кеште конверт арқылы жәрдем жинау тәжірибесін жалғастыруды жөн көрдік. Нәтижеде 1 249 215 теңге жиналды. Енді біз баланың емі мен сауықтыру шараларын ұйымдастырамыз, бұл туралы сайтымыздың жаңалықтарынан біліп тұрасыз.
Әзірет Сұлтан мешіті мен «Мұмтаз» мейрамханасының әкімшілігіне ерекше алғысымызды білдіреміз.