Қаңтарда жиналды: 5 861 499 тг
Биыл жиналды: 5 861 499 тг

Қаратау және Канцевка елді мекендеріне көрсетілген қайырымдылық көмек

 {module Продуктовая помощь пострадавшим от урагана}

Осы жылдың қаңтар айында Жамбыл облысының Талас ауданының бірқатар елді мекендерінде қатты дауыл салдарынан бірнеше күнге созылған апатты жағдайлар болып өтті. Қорымыз табиғи апаттан зардап шеккен елді мекендерге азық-түлікпен көмек көрсетті. Ауыл қарияларының айтуы бойынша осындай жойқын күшті дауыл бұрын сонды болған емес. Ауыл ішін аралап жүріп дауылдың әсерінен жартылай топырақтын астында қалған үйлер мен көліктерді көріп апаттың қаншалықты күшті болғанын аңғардық.

Акция барысында Қараой және Канцевка ауылдарының барлық тұрғындарына, Қаратау қалашығының жалғыз басты қариялары мен мүмкіндіктері шектеулі тұрғындарына күріш, макарон, күнбағыс майы, қант, шай, ұннан тұратын азық-түлік таратылды. Ұйымдастырушылар мен еріктілердің жұмысына риза болған адамдар өз рахметтерін айтты. Осы акцияның ұйымдастырылуына көмегін тигізген барлық адамдарға және еріктілерге үлкен алғысымызды білдіреміз.