{module 11 семей Шымкент}
«Шұғыла» қоғамдық қоры және Онтүстік Қазақстан облысының бір қатар бизнес субъектілері көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік тарату қайырымдылық акциясын өткізді. Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қазығұрт ықшам ауданында тұрып жатқан 11 отбасыға бір реттік көмек берілді. «Agro Miller Goup», «Grainprom», «Береке ПЛЮС КЗ», «Аманкелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Әділет-5», «Тілеуберді МТС», «Байтүгел» өндірістік кооперативтері және «Бекболат», «Тұран», «Әсел» шаруашылық қожалықтары демеушілік көмек көрсетті. Акцияның басты ұыймдастырушысы – ҚазАгроФинанс акционерлік қоғамының ОҚО бөлімшесі. Әр демеуші бір отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.