{module Береке Астана 06.09.14}
2014 жылдың Тамыз айының 30-ы мен қыркүйектің 28-і аралығында «Береке» атты қайырымдылық акция аясында өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек мақсатында азық-түліктер таратылды. Акция барысында Ақмола облысындағы Шортанды және Аршалы аудандарына қарасты 18 ауылдың 130 жанұясына азық-түлік салынған себеттер таратылды. Осындай көмек Астананың аудандарындағы төрт жанұяға да жасалды. Мұқтаж жандар қуана-қуана, разы пейілмен сыйлықтарын қабыл алды. Біздің қорымыздың еріктілерінің не себепті өздерін іздеп келгенін түсінгенде, мұң басқан көңілдері жадырап сала берді.
Осындай игілікті іске үлес қосқан баршаға үлкен алғыс білдіреміз!