{module Раздача продуктов питания. Фото отчет}
2013 жылдың 27-28 шілде күндері «Береке» жобасы аясында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік тарату шарасы өтті. Бұл шара барысында Алматы облысында соның ішінде Еңбекшіқазақ ауданының 31 ауылынан 204 отбасы, Талғар ауданының 13 ауылынан 34 отбасы, Жамбыл ауданының 12 ауылынан 86 отбасы және Қарасай ауданының 11 ауылынан 70 отбасыға азық-түлік таратылды. Сонымен қатар бұл шарада Алматы қаласының кейбір аудандарында, яғни Медеу, Түрксіб, Жетісу және Алатау аудандарында тұратын 70 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Осындай жәрдем себетін алған әрбір отбасы өзінің қиын жағдайын түсініп, өмір тауқыметін көтерісуге ат салысқан адамдарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Азық-түлік себетін көтеріп барған еріктілерімізді көргенде өмір ауыртпалықтарының ізі қалған мұңды жүздерінде қуаныш пен алғыс сәулелері, кейде таңданыс белгілері де пайда болып жатты.
Осындай игі істің жүзеге асуына өз үлесін қосқан еріктілерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз.