Осы жылдың 25 Қазан күні «Шұғыла» қоғамдық қоры Қарасай аудандық ауруханасы маңындағы туб.кабинетің аумағында туберкулез ауруынан емделушілерге ірі және ұсақ малдың етін тарату акциясын ұйымдастырды. Емделушілердің көпшілігі көп жылдардан бері жұмысқа жарамсыз. Акция аясында 62 отбасыға көмек жасалып, әрбір жанұяға 3 килограмм салмақта ет таратылды. Акция жүрген жерге өздігінен келе алмаған науқастарға қор еріктілері етті үйлеріне жеткізіп берді.
Қордың және көмек алушылардың атынан осы акцияға демеушілік жасағандарға үлкен алғыс білдіреміз!