2016 жылдың 28 мамыр мен 5 маусым аралығында «Береке» жобасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату шарасы өткізілді. Шараға қатысқан еріктілер көмегімен Ақмола облысының Шортанды және Ақкөл аудандарында тұрып жатқан 154 отбасы қамтылды.
Осы шараға үлес қосқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.