«Шұғыла» ҚҚ Астана қаласындағы филиалының еріктілері, Ақмола облысының Ақкөл ауданында көмір таратып, бірден келесі ауданға көшті. 29 қарашада өткен науқан барысында, жағдайы төмен 74 отбасыға көмек көрсетілді. Соның ішінде Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы тоғыз елді мекенге 148 тонна көмір жеткізілді. Әр отбасыға 2 тонна көмір жеткізілді. Көмек алған отбасылардың қуанышында шек жоқ. Сонымен қатар кейбір отбасыларға Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Бейбіт Қорғанмен бірге суретке түсуге мүмкіншілік туды. Бейбіт де бүгін еріктілердің қатарын толықтырып белсенді ат салысты.
Қайрымдылық істерге өз еркімен атсалысқан азаматтарға алғысымыз шексіз.
Видео:
Фото: