Осы күндері өзгенің тағдырына бей-жай қарамайтын қазақстандықтар еліміздің бірқатар аудандарын қамтыған су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімізге көмек қолын созуда. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, әйтсе де гуманитарлық көмек көрсету үшін тағы да қосымша қаражат қажет. Осыған байланысты қоғамдық қайырымдылық ұйымдары өз жұмыстарын жандандыруда. Бірінші ретте, шешімі қиын осы істің басында «Шұғыла» қоғамдық қоры тұр. Қор Қарағанды облысына жіберу үшін гуманитарлық көмек жинау жұмысын ұйымдастырды. Ол жерлерге еріктілер тартылды, зардап шеккендерді қолдау үшін көмек беруге ризашылық білдірген кісілермен байланыс жасалды. Әлеуметтік әріптестік аясында Қазақстандағы жетекші ұялы байланыс операторларының бірі Kcell компаниясымен Қор «Аялы алақан» біріккен жобасын жүзеге асырып келеді. Kcell және Activ абоненттері 1919 нөмеріне құны 250 теңгені құрайтын SMS-хабарлама жолдай отырып, мұқтаж азаматтар үшін көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта қысқа нөмерден келіп түскен қаражаттар өте қажетті заттар, азық-түлік тағамдарын, төсек жабдықтарын, су тасқынынан зардап шеккендер үшін гигиеналық құралдар сатып алуға жұмсалуда. «Шұғыла» қоғамдық қоры мен Kcell компаниясы бастарына қиыншылық түскен отандастарымыздың тағдырына немқұрайлы қарамауға шақырады.