{module Раздача одежды Алматы 08,03,2015}
Әне-міне дегенше «Жанұя жанұяға көмектеседі» атты көктемгі акция да өз мәресіне жетті. Қайырымды жандар арнайы әлеуметтік дүкенге өздерінің жаңа және ұсталған киім-кешектері мен заттарын өткізу арқылы соны қажет ететін отбасыларға игілікті іс жасады. Жасалған акция осы дүкенге келіп, өздеріне қажетті заттарды таңдап алған кісілерге мол қуаныш сыйлады. Таратылған тұрмысқа қажетті заттар қатарын киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар, қажетті аксессуарлар құрады. Әлеуметтік дүкен сөрелері жанұялар жинаған заттармен ғана емес, «Котон» компаниясының ұсынған заттарымен де толықты.
Бұл акция Алматы қаласында Орбита 3 ықшам ауданындағы №145- орта мектепте 28 ақпан мен 7-наурыз аралығында «Шұғыла» қоғамдық қорының әлеуметтік дүкенінде өтті. Біздің акцияның арқасында Алматы қаласы Бостандық, Наурызбай аудандары, сондай-ақ Алматы облысы Қарасай ауданының тұрмыс жағдайы нашар отбасылары қажеттіліктеріне қарай 10 кг көлемінде әртүрлі заттар мен киім-кешектерді алуға мүмкіндік алды. Бұл жерде еріктілер де заттарды жинауда, сөрелерге орналастыруда, келген кісілерді жылы жүзбен қарсы алуда өз көмектерін аянып қалмады.
Бір күн ішінде таратылған заттардан дүкен сөрелері босап, әкелінген заттармен қайта толықтырылып отырды. Қайырымды жандардың жасаған жақсылықтары үшін айтар алғысымыз шексіз.
8 күн қатарынан жүргізілген акция негізінде 220 отбасы 1271,8 кг заттарға қол жеткізіп, мәре-сәре күй кешті.
Біз де керекті заттардың жаңа иесін тапқанына бірге қуандық.
Егер әр адам артық затын бөлісе білсе, өзін ғана емес өзгені де ойлай білсе, бұл адамгершілік тұрғыдан үлкен жетістік.
Жан-жағыңа жылулық сыйлау – адам жанын жылытатын қасиет!